Бүгін сәуірдің 5 күні Білім ордамызға Мағжан Жұмабаев ауданынан білім басшылары мен аудан әкімі келді. Аталмыш конференцияға СҚМУ-дің ректоры Өмірбаев Серік Мәуленұлы мен Серпін бағдарламасы бойынша келген 4 курс студенттері мен ұстаздар қауымы қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі сөз сөйлеп, өздерінің келу мақсаттарын түсіндірді. Мағжан Жұмабаев ауданына мектеп мұғалімдері жетіспейтінін, және білім саласында жұмыс істейтін мамандар тапшы екенін атап өтті. Қазіргі таңда Мағжан Жұмабаев ауданына 125 вакансия бойынша мамандар және білім басқармасында жұмыс істейтін 33 кадр тапшы. Атап өту керек аудан әкімі барлық жағдайларын қамтамасыз етуге және қолайлы өмір сүруге ат салысатынын айтты. Оның ішіне тұрғын үй мәселесі де кіреді. Сол себептен университетіміздің түлектерін біздің ауданға ат басын тіреулерін сұрайды. Жиын соңында студенттер қойған сұрақтарына жауап алып, араларында қызығушылық танытып, жұмыс істейтін мамандар қатары толды.