"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Абай Құнанбаев

СҚМУ-да «Студенттік көктем»

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Студенттік көктем - 2018» атты жастар фестивалі өтті. Оны Жастар ісі жөніндегі комитет ұйымдастырды. Іс-шара студенттік ұйымның 5 жылдығына және Астананың 20 жылдығына арналды.

Іс-шараның басында - марапаттау рәсімі. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталар Жастар ісі жөніндегі Комитетінің 8 мүшесіне берілді. Одан кейін көрермендердің назарына әсерлі концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Сахнада әнші Мағжан Уатаев, сондай-ақ, «Черный бриллиант» тобы өнер көрсетті. Олар барлықтарымыздың сүйікті хиттарын орындап,  залды жарықтандырды.

Сондай-ақ, бағдарламада «Қазіргі хореография шеберханасы» және «Антуран» университеттік ансамблі өнер көрсетті.

Суық фонтандар мен «Черный бриллиант» тобының орындауында «Мәңгі ел» атты авторлық ән мерекенің тамаша аяқталуы болды.

Осы іс-шараны студенттер, әсіресе, бірінші курс ұзақ уақыт бойы есіне алады. Өйткені бұл біздің СҚМУ қабырғасындағы алғашқы «студенттік көктемі»!

[gakkery:712]

26.04.2018