Университеттің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында мини-футболдан жарыс өтті

Маусымның 7 мен 8 күндері аралығында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері мини-футбол ойынында бақ сынады. Аталмыш спорт түріне университеттің барлық факультеттері 5 командаға бөлініп жарысқа түсті.

Екі күнге созылған жарыс қатысушылардың спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттырды. Ойынның алғашқы күнінен қатысушылардың қызу дайындықпен келгендігі  байқалды. Қарсылас командалар 2 күн бойы керемет ойын көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша, бас бәйгені университеттің қауіпсіздік қызметінің құрамасы қанжығалады. Екінші орын бірінші ректорат құрамасының бағына шешілсе, үшінші орын екінші ректорат құрамасының қоржынына ілінді. Жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен кубок табыс етілді.

11.06.2018