Университетемізде ғылым қоры АҚ-ның төрағасы Алибек Хамидуллиннің қатысуымен семинар өтті

Маусымның 27 күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да ғылым қоры АҚ-ның төрағасы Алибек Хамидуллиннің қатысуымен 2018 жылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жобаны гранттық қаржыландыру конкурсы туралы баяндалған семинар өтті. Семинардың мақсаты – тың жобаларға қызығушылық танытатындардың санын арттыру. Жоба жасаушыларға грант бөліп, олардың жоспарларын жүзеге асыру.

Биылғы жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің хабарлауы бойынша 12 шілдеден тамыздың 1-не дейінгі аралықта ғылыми жобаларды қаржыландыратын гранттар бөлінген.

Ғылым қоры АҚ-ның төрағасы Алибек Хамидуллиннің айтуы бойынша, біздің білім ордамызда 2 ғылым грантына ие болған жандар бар, олар қазіргі уақытта өз жобаларын жүзеге асырып жатыр.

27.06.2018