СҚМУ-да Фуджейра Университетінің өкілімен кездесу (БАӘ)

4 шілде күні біздің оқу ордамызға Фуджейра Университетінің профессоры Красимир Петров келді. Оның іс-сапарының мақсаты - Фуджейра Университеті мен СҚМУ арасындағы іскерлік байланыстарды орнату.

Кездесуді стратегия, сапа және интернационалдандыру Департаментінің директоры Марина Погребицкая ашты. Ол қонаққа М. Қозыбаев атындағы СҚМУ туралы қысқаша ақпарат беріп, ынтымақтастықтың болашағы туралы әңгімеледі.

Красимир Петров өзінің оқу ордасы туралы да айта кетті. Фуджейра Университеті сол атаудағы эмиратта орналасқан. Мұнда экономика, қаржы, менеджмент және IT-технологиялар мамандарын даярлауға басты назар аударылады. Араб жағы осы салаларда СҚМУ-мен ынтымақтасуға дайын.

ССИД директоры Марина Погребицкая Красимир Петровты жоғарыда аталған мамандықтар бойынша дәріс беруші ретінде шақырды.

Кездесу жағымды сәттермен аяқталды. Марина Погребицкая қонаққа университетіміздің басшылығы атынан СҚМУ туралы кітаптар мен шағын сыйлық сыйлады. Өз кезегінде, Красимир Петров Фуджейра Университеті жайлы ақпарат жазылған материалдар мен естелік сувенирлерді табыс етті.

 

05.07.2018