Білім ордамызға Қазақстандағы Конрад Аденауэр Қорының өкілдігінің директоры Томас Хельм келді. СҚМУ-ға келуінің басты мақсаты Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен қатар, Қазақстан азаматтарын ағылшын, неміс тілінде емін-еркін сөйлеуімен қоса еркін, сауатты жаза алатындай дәрежеге жеткізу.
Германияға барған студенттеріміз қалаған мамандықтары бойынша білім алуларына жағдай жасайтынын, және де оқуларын аяқтағаннан кейін, Қазақстанға оралып, бар үйренгендерін көрсете алады. Қазақстанның барлық қалаларын аралап дөңгелек үстел өткізіп, стипендия иегерлерін іріктеп алып, өздерінің топтарына қосатындарын айтты. Конференция 1 сағаттай уақытқа жалғасты. Сол уақыт аралығында Томас Хельм өзінің келуінің қаншалықты маңыздылығын түсіндіруге тырысты.