Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына жолдауы Қазақстандықтардың әл-ауқатын өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы тапсырмалары орындалуда. Динамикалық дамып келе жатқан экономикасы бар заманауи прогрессивті мемлекет құра отырып, біз бейбітшілік пен әлеуметтік келісімді қамтамасыз еттік.Сапалы және тарихи маңызды құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргізілді.
Елбасының айтуынша, жаңа ұсыныстардың маңыздылығы ескеріле отырып, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларымды өздеріңізбен талқылау үшін бүгінгі Парламент Палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысы шақыртылды.
Президент Қазақстанның халықаралық беделін артқанын және оның өңірдегі геосаяси рөлін нығайтуда көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын, өңірлік және жаһандық проблемаларды шешуде жауапты және талап етілетін халықаралық серіктес ретінде танылып жатқанын айта кетті.