М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мұғалімдер күнін атап өтті

2018 жылдың 5 қазанында мұғалімдер күні қарсаңында біздің университетте салтанатты іс-шара өтті. СҚМУ-да 500-ден астам педагог бар, олардың 104-і  лайықты демалу кезінде болса да, мамандарды даярлауды жалғастыруда.

Студенттер, іс-шара өткізіліп жатқан акт залға тәлімгерлері кірген кезде, оларды ду қол шапалақпен қарсы алып, құттықтады. Олардың әрқайсысына өз қолымен жылы лебіздер жазылған қазашаларды сыйлады.

Кейін жиналғандар үшін Петропавл қаласының шығрмашылық тобының қатысушыларымен көңілді, жарқын концерттік бағдрлама өтті.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамыны басшылығының атынан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ербол Исакаев құттықтады. Ол бұл салтанатты жиналыс бүкіл ел үшін маңызды оқиғамен - Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Бағдарлама құжатында Елбасы мұғалімдерге ерекше назар аударып, «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» заң әзірлеуді тапсырғаны символды болды.

Мерекелі концерт әр адамға ұмытылмас эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлаған жас әртістердің шығармашылығымен жалғасты!

08.10.2018