Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
РФ Саха Республикасы,Якутск қ,Якутск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясында академиялық ұтқырлық бағдармасы бойынша Агротехнологиялық факультетінің студенттерінің оқуы
2018-2019 оқу жылында Агротехнологиялық факультетінің 4 студенті "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының 5В080100 "Агрономия" мамандығы және "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" мамандығы бойынша РФ Саха Республикасы, Якутск қ., Якутск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға барды. Университетке келгеннен кейін Якутск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясының ректоры И. И. Слепцов біздің студенттерді жылы қарсы алып, оқуда табыс тіледі.
Балалар қала бойынша қызықты экскурсиядан көптеген жағымды эмоцияларға ие болды, Ресейдің тарихи паркінің мұражайына, ботаникалық баққа, Якутск ауыл шаруашылығы ҒЗИ жеміс-жидек бақшасына барды.
Біздің студенттерге қызықты оқу және білімге деген құштарлық рухын тілейміз, сендерді тәжірибелі оқытушылармен, белгілі ғалымдармен, өз ісінің кәсіпқойларымен бірге өтетін қиын, бірақ қызықты жол күтеді.


