"Ауыл шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі Шаяхметова А. С. 2-6 шілде 2018 ж. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды Сербия,Нови Сад қаласында өткен Жібек жолының ауыл шаруашылығы білімі мен ғылыми инновациялары Альянсының кезекті есепті отырысында таныстырды

"Ауыл шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі Шаяхметова А. С. 2-6 шілде 2018 ж.  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен серіктестігінің тәжірибесі мен болашақ жоспарлары жөнінде Сербия, Нови Сад қаласында өткен Жібек жолының ауыл шаруашылығы білімі мен ғылыми инновациялары Альянсының кезекті есепті отырысында таныстырды.

"Ауыл шаруашылық білімі, ғылыми-зерттеу серіктестігі және өзара даму" тақырыбындағы форумда білім беру, зерттеу және мәдени алмасу саласындағы серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында университеттер, ғылыми-зерттеу институттары мен Жібек жолы елдерінің кәсіпорындары арасында Альянстың іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Форум қатысушыларға Альянс мүшелері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты талқылауға, серіктестердің ғылыми жетістіктерімен танысуға мүмкіндік берді.

Форум жұмысы аясында В. Я. Горин атындағы Белгород мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры және профессор-оқытушылар құрамымен, "Nsseme"дала және көкөніс дақылдары институтының жетекші ғалымдарымен кездесулер ұйымдастырылды.

                                  

 

               

09.10.2018