«Заманауи жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері» бойынша бейнеконференция

2018 жылдың 9 қазанында өткізілген университет арасындағы ғылыми-практикалық бейнеконференциясында өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне, сондай-ақ оларды бағалаудың заманауи тәсілдеріне сыртқы және ішкі факторлардың әсері талқыланды.

Оған М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Орал мемлекеттікэкономикалық университеттің (ОМЭУ, Екатеринбург қ., РФ) оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Қатысушылардың баяндамалары өнеркәсіптің экономикалық дамуы, агроөнеркәсіптік кешендегі айналымдық капиталды басқару, зауыттарды мемлекеттік қолдаудың тиімділігі, бизнесті несиелеу және қаржыландыру, баламалы банктік модельді құрудағы еуропалық елдердің тәжірибесі мәселелеріне қатысты болды.

Сондай-ақ, қатысшылар біздің еліміздің бен Ресей Федерациясы өңірлерінің кәсіпорындарымен параллель жүргізді, екі елдің өнеркәсіптік нысандарының тартымдылығын зерттеу бойынша зерттеулердің нәтижелерімен алмасты.

Айта кетейік, бұл бейнеконференция университетіміздің «Қаржы және менеджмент» кафедрасының халықаралық ынтымақтастық аясында өткізілді. Кездесудің негізгі бөлігінің соңында екі жақ болашақтағы жұмыс жоспарларын талқылады, демек, мұндай іс-шаралар екі елдің қаржы-экономикалық мәселелерін талқылау үшін ғалымдарды тағы кездестіреді деген сөз.

10.10.2018