М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Агротехнопарктің ашылуы

2018 жылдың 10 қыркүйегінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-іне Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің университет кеңесінің төрағасы Ли Синван (Li Xingwang) бастаған делегациясы  келді(Қытай Халық Республикасы, Янлин қ.).

 Кездесу барысында жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің агробиологиялық станция базасында агротехнопарк құру туралы екі келісімге қол қойылды.

Агротехнопаркті ашу мақсаты – екі жақ арасындағы серіктестік пен мәдени алмасуды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылымы, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ғылым саласындағы ынтымақтастықты күшейту және Орта Азияда ауыл шаруашылығы технологияларын тарату.

Ауыл шаруашылығы білім беру саласында ғылыми зерттеулер мен оқыту, халықаралық озық тәжірибені алға жылжыту және ауыл шаруашылығы бакалаврларын дайындау мақсатында ағымдағы жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің агробиологиялық станциясы базасында Агротехнологиялық факультетінің «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының ғалымдары 2018 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайларында Қытай селекциясының ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау бойынша далалық зерттеулер жүргізді. Ғылыми зерттеулерге кафедраның 8 оқытушысы, 6 магистранты, 5В080100 Агрономия мамандығының 15 студенті қатысуда.

12.10.2018