«Менің болашақ мамандығым» атты дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысымен орман шаруашылығы қызметкерінің күні бекітілді (қазанның үшінші жексенбісі). Кәсіби мереке қарсаңында, 2018 жылдың 17 қазанында 5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығының 1 курс студенттері үшін «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ басшысының орынбасары  А. Ф. Усольцевпен кездесу өтті. «Менің болашақ мамандығым»  атты дөңгелек үстел жұмысына директордың орынбасары қатысты. «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасы,  PhD докторы - Тоқтар М. Т., кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру бойынша жауапты оқытушы, магистр - Пучкова С. Ю., кафедра доценті, а.ш. ғ. к. - Савенкова И. В., оқу топтарының эдвайзерлері, магистрлер – Шахметова Г. М. және Новикова А. В. Болашақ мамандықты таңдау және болашақ жоспарлары туралы ОРОШ -18каз және ОРОШ-18 оқу топтарының студенттері өздерінің «Менің болашақ мамандығым» атты баяндамаларында бөлісті.

18.10.2018