2018 жылдың 10-шы қазанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында елдіМ. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға шет елдік топ-менеджер келді. Медхат Сүлейман Шейх Мұхаммед Махмуд (медицина ғылымдарының докторы, Pһ.D) клиникалық жұмыстар жөніндегі проректордың қызметін атқаратын болады.
Медхат Сүлейман Шейх Мұхаммед Махмуд – Иорданиялық, Палестинадағы Дженин қаласында дүниеге келген. Медицина ғылымдарының докторы, ортодонтия магистрі. Қазақстандық ЖОО-да, Қазақ мемлекеттік медицина университетінде, Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алған және «Стоматология» республикалық ғылыми-клиникалық орталығын тамамдаған.
Жұмыс тәжірибесі өте мол. Алматыдағы балалар стоматологиялық клиникасында дәрігерліктен бастап «Barital» халықаралық клиникасының кеңесшісіне дейін қызмет жасаған.
Еркін түрде араб, ағылшын және орыс тілдерінде сөйлейді.
Біздің білім ордамызда ол үш ай көлемінде Медицинаның жоғары мектебінде жетекшілік ететін болады.