2018 жылдың 24-ші қазанында Ғылыми кеңесте Стефан Дырка М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың құрметті профессоры атағына ие болды. Университет ректоры Серік Өмірбаев салтанатты түрде тиісті құжатты шетелдік маманға табыстады. Ол біздің альма – матерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің еліміздің жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту туралы бағдарламасы аясында Корфантего атындағы Жоғарғы Силез университетінен келді (Польша).
2018 жылдың 1-ші қазанынан 27-не дейін ол Тарих, экономика және құқық факультетінің студенттерін «Логистика» пәнінен оқытады. Сондай-ақ, магистранттар мен докторанттарға мастер-класстар мен қосымша сабақтар жүргізеді.
[gallery:872]