М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 2018 жылдың 25 қазан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа әліпбиі негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» туралы семинар кеңесі өтті.
Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпанда бекітілген әліпби негізінде «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасы әзірленді.
ҚР Премьер-министрінің өкімімен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөнінде іс-шаралар жоспары жасалынды. Белгіленген міндеттерді дер кезінде жүзеге асыру мақсатында
Өңірлік семинарда Жаңа латын әліпбиін жұршылыққа таныстыру, сондай-ақ пікір алмасу, жекелеген қағидаларды одан әрі тиянақтай түсу мақсатында латын графикасының жобасы көпшілік назарына ұсынылып отыр.
Осындай талқылау нәтижесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Емле ережелерінің жобасы 2018 жылғы 27 қыркүйекте Ұлттық комиссияның отырысында таныстырылды.