"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да медиа-ақпараттық сауаттылық апталығы аясында іс-шара өтті

2018 жылдың 23-ші қазанынд М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да  жыл сайынғы медиа-ақпараттық сауаттылық апталығы аясында «Elsevier» (Эльзевьер) тегін электронды ақпараттық ресурстарға қолжетімділік туралы акция өтті. Оқытушылар мен студенттерге берілген платформаны баяндайтын парақшалар таратылды.

Бүгінде «Elsevier» - бұл ғылыми, техникалық және медициналық әдебиеттердің әлемдегі ірі басылымы. Оның портфолиосы 2500 журналдарды, 20 000 онлайндық кітаптар және Scopus, Reaxys, Emabse, EngineeringVillage және т.б. мамандандырылған анықтамалық деректер қорларын қамтиды.

Сондай-ақ осы аптада СҚМУ студенттері, магистранттары мен оқытушылары үшін Миколоса Ромериса (Литва) атындағы  университетінің мамандарымен бірқатар вебинарлар өткізілді. Іс-шара барысында әлемнің кез-келген жерінен «ғылыми ақыл-ойларға» мүмкіндік беретін танымал ғылыми электрондық дерекқорлар (Scopus, OpenDOAR және т.б.) туралы әңгімеледі.

Айта кету керек, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ресми сайтының «Ғылыми кітапхана» бөлімінде жетекші электрондық ресурстар студенттер мен оқытушыларға еркін қол жетімді.

26.10.2018