«STEM education–education of the future»

2018  жылдың 19 қазанында Педагогикалық факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу » және «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері  «Өрлеу» «БАОҰ» АҚ филиалы  және  педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған  «STEM education–education of the future», Халықаралық онлайн- конференциясына қатысты.XXI ғасыр технологиялық төңкеріс ғасыры болып табылады, ғылыми –техникалық прогресс аясында әр күні жаңа ашылулар болып, ал  инновациялық  технологиялар қазіргі қоғамның  ажырамас бөлігіне айналып, білім берудегі мақсатты өзгерту қажеттілігін  туғыза отырып–білім алушылардың  функционалды- зерттеушілік дағдылары қалыптасып, ғылым мен техниканың дамуына  қатысулары  қажет. Бұл мақсатты жүзеге асыруда білім беру процесінің барлық деңгейінде STEM (ғылым, технология,инженерия,математика) енгізу арқылы білім беруде жобалап оқыту, неғұрлым интеграцияланған және өміршең нысаны болып табылады.

29.10.2018
ПФ