Солтүстік Қазақстан облысына «Нұр Отан» партиясының Орталық Аппараты өкілдері іс-сапармен келді. 2018 жылдың 29-шы қазанда Партиялық бақылау қызметінің жетекшісі Асан Сағадиев өңірдегі жұмыс сапары барысында университетке де бас сұқты.
Ең алдымен, Асан Сағадиев үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастаған «QYZYLJAR» студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысты. Орталық қызметкерлері қонақтарға «QYZYLJAR-дың» негізгі міндеті жайлы презентация жасап, қызмет көрсету стандарттары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімдеді.
Асан Сағадиев орталық қызметкерлері және студенттермен әңгімелесіп, орталық қызметі жайлы бірнеше сұрақтар қойды. Сондай-ақ, Партиялық бақылау қызметінің жетекшісі орталықтағы қажетті құжаттарды алудың қолжетімділігі мен қолайлылығын атап өтті. Сондай-ақ осындай арнайы орталықтарды орта білім беру мекемелерінде де ашу идеясын бірден қолдады.