Университеттегі түн – 2018

«Барлығы ән айтады» осындай атаумен 2018 жылдың қарашаның 31-і оқу ордада «Университтегі түн» шарасы өтті. Белсенді студенттермен ұйымдастырылған бағдарламада аталмыш кешке қатысушылар сахна төрінде ән айту мүмкіндігіне ие болды. Олар танымал шетелдік және қазақ эстрадасының әндерін орындады. Ән айтумен қоса, әрбір студент өз талантын де көрсете алды.

Ұйымдастырушылар «крокодил», «мафия» ойындары үшін арнайы ойын алаңдарын да дайындады. Сонымен қоса, спортзалдың ішінде түрлі эстафеталық жарыстар да өткізілді.

Сондай-ақ, жиылғандар «Instagram» желісінде өткен байқауға да ат салысты. Қатысушыларға «Университеттегі түн» деген хештегпен фото суреттерді жүктеулері талап етілді. Кеш соңында ең әдемі бейнелер таңдап алынды. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.

02.11.2018