М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Интернет және терроризм» тақырыбында студенттерге лекция оқылды

Бүгінгі ғылым мен технологияның дамыған заманында баршамызға ақпарат тарату құралдарының кең тараған түрі – интернет желілері.

Жастарымыздың бір бөлігі осы ғаламтор желілері арқылы теріс идеологиялардың арбауына тез ілініп, қолшоқпары болып кеткені де рас. Бұндай жағдайларды алдын алу үшін университетімізде түрлі іс-шаралар жиі өткізіледі.

2018 жылдың 1 қарашасында «Нұр Отан» партиясының «Болашақ» филиалының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен студенттер СҚО бойынша «Конфессияаралық қатынастарды талдау мен дамыту орталығы»,  облыстық ІІД мамандарымен кездесті. Кездесу барысында студенттерге «Интернет және терроризм» тақырыбында лекция оқылды. Сондай-ақ, радикалды ағымдардан туындаған қауіп-қатерлерді анық көрсететін деректі фильм көрсетілді.

Аталмыш жиынның басты мақсаты – студенттер арасында діни сауаттылықты арттыру,  діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

02.11.2018