«Журналистика» кафедрасының меңгерушісі Айсұлу Шайкенова Қазақстандағы академиялық журналистік білімнің жаңа моделін талқылау сарапшыларының қатарына қосылды

2018 жылдың 31 қазанында Алматы қаласында «Академиялық журналистика және Қазақстандағы медиа сауаттылық» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Аталмыш жиынға «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі Айсұлу Шайкенова қатысып,  «Қазақстан университеттерінің оқу бағдарламасында медиа-сауаттылықты институттандыру» тақырыбында баяндама оқыды.

Халықаралық конференцияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері,  халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ, қазақстандық ЖОО өкілдері, дипломаттар, редакторлар, журналистер мен Украина және Әзірбайжан мемлекеттерінің медиа сарапшылары қатысты.

Жиылғандар журналистер үшін академиялық даярлықтың қазіргі үлгісін реформалау бойынша жаңа тың идеяларды ұсынды. Олардың бірі – ЖОО-ның бағдарламасында БАҚ нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру.

Бұл шараға қатысушылар академиялық қоғамдастық пен БАҚ қызметкерлері арасындағы тұрақты конструктивті диалогтың орнауына септігін тигізбек. Олардың пікірінше, мұндай бағдарламаның нәтижесінде Қазақстандағы академиялық журналистік білім берудің жаңа белсенді моделі  пайда болады.

 

05.11.2018