М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Ана тілін оқытудағы халықтық педагогика» атты өңірлік ғылыми-әдістемелік интерактивті семинар өтті

2018 жылдың 2 қарашасында университетте «Ана тілін оқытудағы халықтық педагогика» атты өңірлік ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Аталмыш жиынға оқу орданың оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әртістері және қалалық № 17-ші ұлттық өркендеу орта мектебінің мұғалімдері қатысты.

Бұл шараны «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, тіл және әдебиет институты  мен педагогикалық факультет бірлесе ұйымдастырды.

Семинарда этнопедагогика негізінде отбасылық білім беру жайы сөз болды. Сонымен қоса, ана тілін жетік білу мәселелері де көтерілді.Сондай-ақ, жиынға қатысушылар студенттердің сөздік қорын толтыру мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті. Интерактивті түрде шағын ойындар да өтті. Онда салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтай отыра қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі қаралды.

Бұдан бөлек, семинарға жиылғандар халық педагогикасы мен фольклорды қолдану арқылы ана тілін үйренудің жаңа мүмкіндіктерін атап өтті. Шараның соңында, қатысушылар түрлі тілдерде ән шырқап, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштарды айтып, өз білімдерімен бөлісті.

05.11.2018