М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Азия елдері университеттерінің Ассоциациясына кірді

Азия университеттер қауымдастығының III Съезіндегі жалпы жиналыстың шешімі бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ осы халықаралық ұйымға кірді.

СҚМУ-дан бөлек, Ассоциацияға енді тағы 29 жоғары оқу орны мүшелік етеді. Іс-шараның ашылу салтанаты 2018 жылдың 20-шы қыркүйегінде Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул, Ресей Федерациясы) өтті. Оған Армения, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Ресей және Тәжікстан университеттерінің өкілдері қатысты.

Бес жыл бұрын әлемнің 27 жоғары оқу орнынан келген өкілдердің жиынында Азиялық университеттер қауымдастығын құру туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш Ассоциация ынтымақтастықты жандандыру мен аймақтағы білім беру мекемелері арасындағы серіктестікті кеңейту мақсатында құрылды.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері - бірыңғай Азиялық білім беру кеңістігін қалыптастыру,  академиялық ұтқырлықты дамыту мен тәжірибе алмасу.Сондай-ақ, ынтымақтастықтың нәтижесінде студенттер өзге ЖОО-ның студенттері және оқытушыларымен бірлескен ғылыми жобалар жазу мүмкіндігіне ие.

Айта кету керек, ұйымның құрамына Орталық және Оңтүстік Азияның 70 университеті кіреді.

07.11.2018