М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымын сапа күнімен құттықтау!

Құрметті әріптестер!

Стратегия, сапа және интернационализация департаменті Сіздерді Дүниежүзілік сапа күнімен құттықтайды!

Біздің елімізде бүгінгі күні қазақстандықтардың әл-ауқатын және жаңа өмір сапасына қол жеткізуге үлкен көңіл бөлінеді. Бұл жаңа сапа көптеген құрамдастарға ие. Біз жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті отандық өнімдерді жасауға тырысамыз. Қоғамдық өмір сапасының жаңа деңгейіне назар аударылды. Президентіміздің сөзінше сапалы білім индустрияландырудың және Қазақстанның инновациялық дамуының негізі болуы керек.

Біздің облыстың білім беру мекемелері өздерінің нәтижелерімен және қазақстандық білімнің дамуына қосқан үлестерімен әрдайым мақтана алады. Біздің оқушыларымыз бен студенттеріміз республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері. Мектеп түлектері ҰБТ бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетуде, ал жастардың  ғылыми жобаларының ерекшелігі инновациялық тәсілдер мен зерттеулерінде.  

Бүгінде жастарға білім беру – өңіріміздің ең маңызды стратегиялық ресурстары мен артықшылықтарының бірі. Және бұл әр педагогтың және ұжымымыздың баға жетпес үлесі.

Дүниежүзілік сапа күні (WorldQualityDay) – әлемнің көптеген елдерінде, жыл сайын қарашаның екінші бейсембісінде аталып өтетін іс-шара. Ал биыл бұл күн қарашаның 8-не келіп түсті.

Аталмыш күн Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы (EСҰ) (EuropeanOrganizationforQuality, EOQ) ұйымдастырды. Дүниежүзілік сапа күні алғаш рет 1989 жылдың 9-шы қарашасында БҰҰ  және Еуропалық сапа ұйымы, Жапон ғалымдары мен инженерлері одағы, американдық сапаны бақылау қоғамы және Сапа жөніндегі Латинамерикалық ұйымдардың қолдауымен аталып өтті.

Дүниежүзілік сапа күні 1990 жылы бекітілді. Ал алты жылдан кейін Еуропалық сапа ұйымы қарашаның екінші бейсенбісін Еуропалық сапа апталығы (EuropeanQualityWeek) деп жариялады.

Дүниежүзілік сапа күнінің мақсаты жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің маңыздылығын арттыру, сондай-ақ сапа проблемаларына назар аударуға бағытталған іс-шараларды күшейту болып табылады.

Игі тілекпен университет ұжымына!

08.11.2018