Сөздәйектер галереясы
Өткен күн оралмас, кұнды сөз жоғалмас.
Қазақ мақалы
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттері мен магистранттары арасында волейболдан жарыс
"Сұңқар" спорт клубы "Дене шынықтыру" және "Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедраларымен бірлесіп 2018 жылдың 6-7 қараша күндері "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған спартакиада аясында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттері мен магистранттары арасында волейболдан жарыс өткізді.
Жарысқа 8 команда қатысты. Нәтижесінде құрмет тұғыры мынадай:
- 1 орын – ТЭҚФ
- 2 орын – МЖҒФ
- 3 орын – ТӘжИ
09.11.2018
