2018 жылдың қарашаның 9- ы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «ҚХА қоғамдық дипломатия институты» тақырыбында ашық диалог өтті. Оған Тарих, экономика және құқық, агротехникалық факультет пен тіл және әдебиет институтының студенттері қатысты. Бұл іс-шараны ҚХА кафедрасы Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырды.
Айта кету керек, өңіраралық ынтымақтастық отырыстарда екі елдің сарапшылары саладағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша ой бөлісіп, озық идеяларын ұсынған болатын. Солардың бірі – көрші мемлекеттердегі туризмді дамытудағы заманауи технологияларды қолдану. Одан бөлек ондаған келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады. Осы және өзге де мәселелер ашық диалогта студенттермен кеңінен талқыланды. Және студенттер ҚХА кафедрасына қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтарды да қоя алды.