2018 жылдың 15-ші қарашасында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Жалпы медицина» мамандығының ЖМ-18-2 тобы Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған науқан ұйымдастырды. Онда диабеттің дамуына және осы патологияның алдын алуға арналған тәуекел факторларын түсіндіру бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізілді.
Фойеде болашақ дәрігерлер адамдардың қан қысымы мен дене салмағының индексін өлшеді. Іс-шараға қатысушылар арасында қант диабетін өзіндік диагностикалау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, бағдарламада байқаулар, ойындар, викторина, буклеттерді тарату, сондай-ақ дәмді және пайдалы сыйлықтар болды. Науқан салауатты өмір салтын қолдайтын белсенді флешмобпен аяқталды.
Жалпы, аталмыш шараға 100-ге жуық адам қатысты.