2018 жылдың 23-ші қарашасында «Ана үйі» Солтүстік Қазақстан облысы филиалы ҚҚ өкілдерінің студенттік активпен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында үйлестіруші мен психолог «Ана үйінің» жұмысы және ондағы тұрмыс ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ қыздар қандай жағдайда қандай көмек ала алатынын түсіндірді. Бұдан бөлек, қазір сонда тұрып жатқан аналар мен балалардың фотосуреттері мен бейне материалдары көрсетілді.
«Ана үйі» - жүктіліктің соңғы айлары немесе жаңа туған нәрестемен қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге арналған орталық. 2018 жылы бұл қоғамдық қор өзінің 5 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде бұл орталықтан ондаған әйелдер көмек алған. Яғни балалар үйінен де осыншама сәбилерді құтқару мүмкін болды.