2018 жылдың қарашаның 22-сі М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да грек-рим күресінен Ректор кубогіне арналған республикалық ашық чемпионат өтті. Оған еліміздің Қарағанды, Павлодар, Ақмола және өңіріміздің 60-қа тарта палуаны жиылды. Солтүстікқазақстандықтар құрамасында университетіміздің спортшылары да бар.
Республикалық ашық чемпионат университет қабырғасында алғашқы рет ұйымдастырылуда. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған 23 жасқа дейінгі палуандары қатысты.
Атап өткен жөн, дүбірлі додаға жалпы саны 60-қа жуық жасөспірім келген. Жарыста спортшылар 5 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Негізінен, кездесулер 2 кезеңнен тұрады. Оның әрбірі 3 минуттан. Алайда, қатысушылардың басым бөлігі белдесуді бұл уақытқа жеткізбей аяқтады.
Бұл ауқымды шараны СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин ашты. Сондай-ақ, салтанатты ашылуда жуырда ғана көз жұмған солтүстікқазақстандық спортшы Виктория Шестопаловны бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Ал сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.