Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қызметкерлеріне алғашқы көмек әдістері түсіндірілді
2018 жылдың 27 қарашасында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да апат медицинасы орталығының мамандары университет ұжымына алғашқы медициналық жәрдем көрсету әдістері бойынша сабақ өткізді. Шараға оқу ордамыздың 30-ға жуық қызметкерлері қатысты. Олар: медициналық орталық мамандары, қауіпсіздік қызметкерлері, жүргізушілер, коменданттар мен т.б техникалық қызметкерлер.
Аталмыш жиынның негізгі мақсаты университет ұжымына төтенше жағдай, оқыс оқиға туралы ой өрбітіп, сондай оқиғалар орын алған кезде атқаруға тиісті алғашқы жедел жәрдем көмегін жасау болды. Қатысушылар шара барысында өздерінің білімдерін ортаға салып, арнайы берілген сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қоса, сабақ барысында апат медицинасы орталығының фельдшері манекен-симуляторына төтенше жағдайлар министрлігінің мобильді құрылғысын қолдануымен жол-көлік апаты орнында жедел медициналық көмек көрсету және емдеу мекемесіне дейін тасымалдау алгоритмін жан-жақты түсіндіріп көрсетті. Кейін, қызметкерлер өздері бұл медициналық құрылғымен тамырдың бірқалыпты соғуы үшін жүректі шынықтырып көрді. Атап өткен жөн, бұл шараны университетіміздің азаматтық қорғаныс штабы ұйымдастырды.
