2018 жылдың 27-ші қарашасында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да сапа апталығына орай «Шет елдерде АҚШ, Еуропа, Ресейде оқудың ерекшеліктері» атты семинар өтті. Оған шет елдік оқытушылар, «География және экология» кафедрасының оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысты.
Іс-шараны кафедра меңгрушісі Павел Дмитриев ашып, сөзді баяндаушыларға берді. Алғашқы баяндаманы Польша елінен келген, Гдань университетінің PhD профессоры Ян Вендт оқыды. Ол жиналғандарға Польша мен Қазақстанның экологиялық мәселелерін салыстырды.
Айта кету керек, Ян Вент біздің университетке академиялық ұтқырлық аясында 17-ші қарашада оқытушы ретінде келді. Ол студенттерге ағылшын тілінде дәріс оқиды. Сондай-ақ, магистранттар мен оқытушыларға мастер класстар өткізеді. Білім ордамызда Ян Вендт 14-ші желтоқсанға дейін жұмыс істейді.
Жиын барысында оқытушылар студенттерге шет елде оқудың ерекшеліктері туралы айтты. Шет елде білім алып келген магистрант, қазіргі таңда «География және экология» кафедрасының оқытушысы Жанарбек Тақыр студенттермен өзінің шет елде білім алғанымен бөлісті. Сондай-ақ, «География және экология» кафедрасы Гдань университетімен бірлесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.