Сөздәйектер галереясы
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
Жүсіпбек Аймауытов
«Қазақстандағы университеттік автономияға көшу: сын-қатерлер мен перспективалар» атты жаһандық халықаралық конференция
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІК АВТОНОМИЯҒА КӨШУ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР» атты жаһандық халықаралық конференция өтті. Конференция Erasmus + CBHE жобасының «TRUNAK Қазақстандағы университеттік автономияға көшу» жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Конференция барысында баяндамалар ұсынылды:
- Томас Эстерманн - Еуропалық университеттер қауымдастығының мемлекеттік саясатты басқару, қаржыландыру және дамыту мәселелері жөніндегі директоры,
- Өмірбаев Серік - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
- Леннарт Йохан Столе - Корольдік технологиялық институтының аға кеңесшісі,
- Энора Прувот - Еуропалық университеттер қауымдастығы директорының басқару, қаржыландыру және мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі орынбасары,
- Массимо Пиньятелли - Назарбаев Университеті Медицина мектебінің деканы.
Конференция аясында академиялық, қаржылық, ұйымдастырушылық және кадрлық автономия бойынша мастер-класстар өтті.
03.12.2018
