Оқу ордада «Дала өркениетінің ұлылығы» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті

2018 жылдың қарашаның 30-ы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы аясында «Дала өркениетінің ұлылығы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне орай ұйымдастырылды.

Мыңжылдық тарих, ұлы жаңашылдық пен ашылулар ғасырлар өте келе ұмытылмайды. Олар ұрпақтан-ұрпаққа таралып, әлемдік өркениет пен тарихи жетістіктерге айналады. Сол себебі іс-шараның негізгі мақсаты: Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын насихаттау.

Конференцияға облыстық мәслихаттың депутаттары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, облыстың тарихи-мәдени нысандарының директорлары мен университетіміздің оқытушылар құрамы қатысты. Бұдан бөлек, № 1 оқу корпусының фойесінде Н.Ә Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»бағдарламалық мақаласына арналған көрме ұйымдастырылды.

Алқалы жиынды М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев ашты. Ол өз сөзіңде: «ХХІ ғасыр Қазақстан үшін ұлы өзгерістер кезеңі болды, біз тәуелсіздікке қол жеткіздік, әлеуметтік дамудың өзі жолын таптық. Елбасы өзінің мақаласында біздің тарихымыздың ең маңызды жетістіктерін егжей-тегжейлі талдады»,- деп атап өтті. Сондай-ақ, шарада Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет те сөз сөйледі. Оның айтуынша, жаңа мақалада Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстанға ерекше көңіл бөлген.

Конференцияда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры Сәуле Маликова «Архив - 2025» жобасымен таныстырды. Ал «Ботай» тарихи-мәдени мұражай қорының директоры Уәлихан Құлбаев «Ұлы даланың көне өнер және технология мұражайы» атты презентацияны ұсынды.

04.12.2018