М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кітапханасында 2018 жылдың 28 қарашасы күні «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Дархан даланың саңлақ перзенттері» атты ашық микрофон өтті.
Ағымдағы жылы яғни 2018 жылы «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы форматының өзгертілуіне байланысты бірден үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптарын оқу жыл бойы насихатталуға берілді. Кітаптар әртүрлі болғанымен оларды өмірдің қиындықтары мен күрделілігін іскерлікпен жеңіп шыққан авторлардың күрделі тағдырлары біріктіреді.
Аталмыш акцияға «Практикалық қазақ тілі» кафедрасы және заңгер, қаржы, педагогика, музыка мамандықтарының студенттері қатысты.