International Education Fair 2018-2019 халықаралық білім беру көрмесі

2018 жылдың қараша айында Астана қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және ҚР БҒМ-мен бірлесіп кезекті International Education Fair 2018-2019 халықаралық білім беру көрмесі өтті. Көрме «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына орайластырылған.

Көрменің басты мақсаты білім беру мекемелері арасындағы өзара тиімді әріптестік қарым-қатынас үшін диалогтық алаң құру, сондай-ақ шетелдік білім беру арқылы елдің адами капиталын арттыру болды. Көрмеге 29 елден 130-дан астам университет қатысты: АҚШ, Канада, Израиль, Ұлыбритания, Венгрия, Франция, Беларусь, Австрия, Швеция, Италия, Германия, Финляндия, Словакия, Испания, Румыния, Греция, Украина, Чехия, Польша, Литва, Латвия, Сингапур, Түркия, Малайзия, Қытай, Корея, Ресей, БАӘ.

Көрмеге ЖОО-дан Ғылым департаментінің директоры Саулюс Нефас және халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру бөлімінің маманы Тукашева Лаура Бақытқызы қатысты.

Көрме аясында Польша, Венгрия, Түркия, Литва, Финляндия университеттерімен студенттік алмасу, бірлескен ғылыми қызметті жүзеге асыру және топ-менеджерлермен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластық жасалды. ЖОО өкілдері білім беру көрмесі аясында өткізілетін семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысты.

05.12.2018