М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың шетелдік студенттерімен кездесу өтті

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Қытай, Монғолия, Түрікменстан, Үндістан және Бангладештен келген 197 шетелдік студенттер білім алады.

2018 жылдың 30-шы қарашасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы оларға қазақстандық студенттермен кездесу ұйымдастырды.  Қазақ, орыс және ағылшын тілінде өткен іс-шараның мақсаты –  ЖОО-да оқитын шетелдіктерді қазақстандық қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру. Бұл күні залдағы атмосфераны мәдениет диалогы, төзімділік және өзара сыйластықтың болғаны арқылы сипаттауға болады.

Кездесудің басында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасфының меңгерушісі Людмила Гривенная М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың халықаралық ынтымақтастығы туралы айтты. Ол "Эразмус+" бағдарламасының халықаралық жобаларында, Еуропа және РФ университеттерімен бірлескен екі дипломды бағдарламаларға қатысуда, академиялық ұтқырлық, жоғары оқу орнына шетелдік топ - менеджерлер мен т. б. тартулар арқылы жүзеге асырылады.

Стратегия, сапа және интернационалдандыру департаментінің директоры Марина Погребицкая республикалық стипендиялық бағдарламалар туралы хабарлады, бұл арқылы шет елдік студенттер гранттық негізде білім ала алады.  

Студенттер  өз елдері туралы, салт-дәстүрлер туралы айтып, ана тілінде ән шырқап, ұлттық костюмдерде би биледі. Сондай - ақ фото және бейне-презентациялар, поэтикалық қойылымдар мен тіпті "сиқырлы шоу" ұсынылды. Кездесудің соңында диалог алаңы өтті.

05.12.2018