Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Конференция

СҚМУ Агротехнологиялық факультетінің Агротехнопарк жұмысы шеңберінде конференция өтті. М. Қозыбаев (ҚР) және солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (ҚХР) арасында «Ғылымды интернационалдандыру жоғары білім сапасын арттыру және дамыту құралы ретінде» тақырында болды.

Конференцияның ашылуына арналған құттықтау сөзі Ибраева Ақмарал Ғосманқызына берілді М. Қозыбаеватындағы СҚМУ ғылым және инновация жөніндегі проректорының м.а., т. ғ. д., профессор.

Агротехнологиялық факультеттің деканы, доцент Шаяхметова Алтын Сейтахметқызы «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мен солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті(Шэньси провинциясы, Қытай) ауыл шаруашылығы білім беру және Жібек жолының ғылыми инновациялары Альянсының жұмысы шеңберіндегі ынтымақтастық тәжірибесі» тақырыбында сөз сөйледі.

Конференцияға солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (ҚХР) Zhang Meng өкілі, профессор қатысты. Өсімдік липидтерінің метаболизмін және майлы дақылдардың биоинженериясын зерттеумен айналысқан. «Can we produce healthier plant oil?» тақырыбында, ал Yuhin Yang, PhD, associate professor «Genetically edited small ruminants by CRISPR\Casq system» тақырыбында баяндама жасады.

Тоқтар Мұрат Тоқтарұлы, «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы «Көкжон техногенді үйінді сіндегі өсімдіктердің табиғи жолымен қалыптасу үрдістері» тақырыбында баяндама жасады.

"Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының оқытушылары Пучкова С. Ю., Савенкова И. В.,Малицкая Н. В., М. Қозыбаев атындағы СҚМУ агробиологиялық станциясында өткізілген Қытай селекциясының үш дақылының (жаздық бидай, картоп, Жаздық рапс буданы) экологиялық сорттық сынау нәтижелері туралы баяндамалар ұсынылды.

Жантлеуов Данияр Амангелдіұлы, "Азық-түлік қауіпсіздігі" кафедрасының меңгерушісі, а.ш. ғ. к., «Племзавод Алабота» ЖШС-де ет мал табынының генеалогиялық құрылымы және зауыт желілерінің құрылу тарихы» тақырыбында баяндама жасады.Конференция барысында қызықтырған сұрақтар қойылды, сондай-ақ талқылаулар жүргізілді.

                

       

 

05.12.2018