Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселесін талқылаудың жаңа форматы

2018 жылдың 5 желтоқсанында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Фокус-топ» форматында «Сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық санаға әсері» тақырыбында пікірталас өткізді.

Студенттерге ұжымдық пікір қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берілді. Студенттердің айтуы бойынша, сыбайлас жемқорлық - бұл қоғамдық келісімді бұзу мен қылмысқа іспеттес. Олардың пікірінше, қылмыстың осы түрі үшін айыппұлдарды күшейту, құқықтық сауаттылықты кеңейту, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты қоғамның ой-пікірлерін өзгертуін, қызметкерлердің ауыстырып отырылуын және есеп берушілікті кеңейту  қажет.

Бұл мәселені талқылауға Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросының инспекторы Зайцева С.Н. қатысып, Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

06.12.2018