2018 жылдың 6 желтоқсанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жыл сайынғы 6 мемлекеттік сыйлық пен 75 мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері тағайындалды. ҚР БҒМ тамыздың соңында осы игі марапаттарға байқау жариялаған болатын. Енді міне, жеңімпаздардың есімі белгілі.
Конкурстың қорытындысы бойынша мемлекеттік ғылыми сыйлық алған 25 жетекші қазақстандық ғалым қатарына М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылым және инновация жөніндегі проректордың м.а. Ақмарал Ыбыраева кірді.
Ақмарал Ғосманқызын шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми қызметіңізге тек табыс пен жеміс тілейміз! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалсын деген ниеттеміз!