«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының бастамасымен және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ университетінің тарих мұражайының қолдауымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27-жылдығы қарсаңында университет студенттері арасында «Уақыт капсуласы» акциясы өткізілді.
Студенттер жаңа ұрпақтың жастарына арнап жолдау жасады, ол жолдауда қазіргі жас ұрпақтың 2041 жылы Тәуелсіздіктің 50 жылдығын тойлаған кездегі Қазақстанды қандай көзқараспен көретінін ұсынды.
«Уақыт капсуласы» салтанатты түрде университет мұражайына сақтауға берілді және 2041 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 50-жылдығы қарсаңында ашылуы тиіс.