Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге конкурс өткізу туралы

Құрметті білім алушылар!

2018-2019 оқу жылының қысқы емтихандық сессиясының қорытындысы бойынша жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғарғы білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру Ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Академиялық  саясатына сәйкес:

  • Жоғарғыы білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурстық негізде бар бос орындарға жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады..
  • Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары осы мамандық бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс бос білім беру грантын тағайындау туралы куәлік бере отырып, барлық оқу кезеңіндегі GPA үлгерімінің орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.
  • GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы"), одан кейін А, А – ("өте жақсы") - В+, В, В- ("жақсы") дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Нақты мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша дайындық бағытының ішінде конкурстық негізде беріледі.

Құжаттарды қабылдау  2019 жылғы 09 қаңтарға дейін  жүзеге  асырылады.

Қажетті құжаттардың тізімін  СҚКО тапсыру (2 корпус):

  1. Ақылы негізде білім алушының ЖОО ректорының атына одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініші.
  2. Білім алушының транкрипті.
  3. Білім алушының жеке куәлік құжатының көшірмесі.

Бос гранттардың тізімі (20.12.2018 жылғы жағдайы бойынша) 2018-2019 оқу жылына (тізім) 

20.12.2018