2018 жылдың желтоқсанның 27-сі "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламалары рейтингісінің үшінші кезеңінің қорытындысын шығарды.
Көшбасшы университеттер арасында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті да белді ЖОО қатарына орналасты.
Рейтинг келесі критерийлер бойынша жүргізілді: жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы мен олардың орташа жалақысы, бағдарламалардың өзектілігін бағалау, сондай-ақ бітірушілердің сауалнама нәтижелері.
Аталмыш жобаны ұйымдастырушылар ол жоғары білім беру жүйесіне өз контентін өзектендіруге көмектеседі, ал бұл тиісінше дайындықты жақсартуға және жұмысқа орналастырудың неғұрлым жоғары үлесіне әкеледі деген ойда.
Сайт материалдары бойынша ortcom.kz