М. Қозыбаев атындағы СҚМУ білім беру бағдарламалары жоғары рейтингке ие болды

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, 2018 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламалары рейтингісінің үшінші кезеңінің қорытындысын шығарды.

Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ білім беру бағдарламалары тағы да жоғары рейтинг көрсетті:

  • Биология – (білім беру) - 30-дан 1
  • География – 30-дан 1
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы – 8-ден 1
  • Физика (білім беру) – 24-тен 1
  • Дене шынықтыру және спорт – 42-ден 1
  • Химия (білім беру) – 26-дан 1
  • Тарих – 35-тен 2
  • Математика – (білім беру) - 30-дан 3
  • Педагогика және психология – 48-ден 5
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу – 30-дан 7-ге
  • Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі – 12-ден 4

ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының рейтингі (2018 жылдың желтоқсан айына)

Білім беру бағдарламалары рейтингісінің екінші кезеңінің қорытындысы

Білім беру бағдарламалары рейтингісінің бірінші кезеңінің қорытындысы

28.12.2018