СҚМУ оқытушылары мен студенттері лайықты марапаттарға ие болды

Желтоқсанның 27-сі күні 2018 жылдың М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылыми кеңесінің соңғы отырысы өтті. Ғылыми кеңес басталмас бұрын марапаттау рәсімі өткізілді.

Университет ректоры Серік Өмірбаев "Орыс тілі және әдебиеті" кафедрасының профессоры Людмила Крылова мен "Құқық пәндері" кафедрасының доценті Елена Бурдинаға "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісін табыс етті. Ал бірінші проректор Ербол Исакаевке, Тіл және әдебиет институтының директоры Елена Сабиеваға және "Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасының аға оқытушысына "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапаттады.

Сондай-ақ шара барысында профессор атағы "Энергетика және радиоэлектроника" кафедрасының меңгерушісі Қайрат Кошековке берілді.

Бұдан бөлек, оқу ордамыздың оқытушылары білім және ғылым Министрлігінің марапаттарына да ие болды. Университетіміздің 5 ұстазы ведомствоның құрмет грамоталарымен, тағы 3 алғыс хаттармен және профессор-оқытушылар құрамының 6 өкілі облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.

"Химия және химиялық технологиялар" кафедрасының меңгерушісі Антонина Дюрягина мен аға оқытушы Кирилл Островной ұлттық өнертабыстар көрмесінің қола медалін алды. Сонымен қоса, "Миссис Миллениум" байқауының 3 орын иегері, Агротехнологиялық факультеті деканының орынбасары Инна Джемалединова да марапатталды.

Сондай-ақ, физика пәні бойынша республикалық олимпиадада жеңімпаз атанған университет командасы мен "Қазақстанның үздік студенттері" кітабына енген АФ-тің 1-ші курс студенті Жұлдыз Жантаеваға да дипломдар табысталды.

«Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Дмитрий Зерновтың жетекшілігімен Алматы қаласында өткен керлинг бойынша ел Чемпионатында алтын медальға ие болған спортшыларға ерекше қолдау көрсетілді.

Осымен, марапаттау рәсімі аяқталған жоқ. Кейін "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалының директоры Алма Мырзалинова "Педагогикалық идеялар панорамасы" тақырыбында бейне сабақтар мен бейнесекциялардың республикалық конкурсының қорытындысын жариялады. Жарысқа қатысқан отандық ЖОО-ның 35 қызметкерінің ішінде біздің университет өкілдері құрмет тұғырын иеленді. "Биология" кафедрасының оқытушысы Константин Жадан жеңімпаз атанды, "Химия және химиялық технологиялар" кафедрасының меңгерушісі Антонина Дюрягина мен аға оқытушы Кирилл Островной екінші орынды иеленді, ал "Биология" кафедрасының оқытушысы Әсел Итқұлова қола жүлдеге ие болды.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымы атынан игі марапатқа ие болғандарды осы жеңістермен құттықтаймыз! Сіздердің жетістіктеріңіз - біздің мақтанышымыз!

28.12.2018