М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Жоғары медицина мектебінің қызметі талқыланды

2019 жылдың қаңтардың 9-ы «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Жоғары медицина мектебінің қызметі» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік коммуникация қызметінің брифингі өтті. Аталмыш жиында университетіміздің бірінші проректоры Ербол Исақаев және Жоғары медицина мектебінің директоры Әсет Ізденов cөз сөйледі.

Бүгінгі күні "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат пен интернатурада 185 студент білім алуда. Оның 68 - і білім гранттары негізінде оқып жүр. Ал қалған 78 студент Үндістан, Ресей, Түркіменстан және Грузиядан келгендер. Жоғары медицина мектебі жарты жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарды. Мәселен, қазіргі уақытта білім алушылар емтихан тапсыруда. Бірінші жартыжылдықта студенттер  жалпы білім беретін пәндерді ғана оқыды.

Студенттерге университетіміздің оқытушылары, өңірлік медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары мен облыстың білікті дәрігерлері кәсіби білім береді. Сонымен қатар, білім алушыларға АҚШ, Қытай, Литва, Польша, Иорданиядан  келген 8 шетелдік мамандар да сабақ береді. Ал екінші семестрде жалпы медицина мамандығында оқитын студенттерге Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің екі оқытушысы білім бермек.

Бұдан бөлек, шетелдік студенттер ағылшын тілінде білім алады. Үндістандықтар оқуды 1 қарашадан бастағандықтан, олардың оқу семестрі тек ақпан айында ғана аяқталады. Айта кету керек, шетелдік студенттер қайта жабдықталған 10 корпуста тұрады. Жатақхана барлық әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен қамтылған.

Медицина жоғары мектебінің интерндері аймақтың денсаулық сақтау мекемелерінің базасында (облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, 3 емхана) оқиды. Интерндер бірнеше бағыт бойынша дайындықтан өтеді. Мәселен 6-уы ішкі ауруларды зерттесе, соншасы жалпы дәрігерлік тәжірибені игереді, ал біреуі педиатрияны таңдаған.

Сонымен қоса, Жоғары медицина мектебінің студенттеріне білікті әрі тәжірибелі дәрігерлер дәріс береді. Оқытушылар бір сабақ үшін шамамен 3000 теңге алады. Екінші семестрде ЖММ клиникалық базаларының желісін кеңейту жоспарлануда. Себебі білім алушылар онкология мен фтизиатрияны зерттей бастайды. Айта кету керек, биылғы жылы интерндерге қорытынды біліктілік тестілеуін тапсыру керек. Яғни, университетіміздің 7 түлегі солтүстікқазақстандық дәрігерлердің қатарын толықтырады.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада жаңа инновациялық жабдықтар, оқыту зертханалары және жалпы сомасы 100 млн.теңгеден асатын 3Д-Симуляторлар сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, медициналық мамандықтар бойынша арнайы әдебиеттер мен электрондық базалар толықпақ.

Брифинг барысында спикерлер журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Төртінші билік өкілдерін көбіне шетелдік студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, ЖОО-да оқыту ақысы мен сапасы алаңдатты. Ал кездесу соңында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ бірінші проректоры Ербол Исақаев БАҚ өкілдеріне алдағы ұлттық Бірыңғай тестілеу мен сырттай оқудың болмауы бойынша ақпаратпен бөлісті.

09.01.2019