![]() Оқытушылар |
![]() Білім алушылар рейтингісі |
![]() Факультеттер мен институттар |
![]() Университет құрылымы |
![]() Электронды ректорат |
![]() Репозиторий |
Контр-адмирал Ратмир Комратов М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттерімен кездесті
2019 жылдың 28-ші қаңтарында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға контр-адмирал Радмир Комратов келді. Ол университетіміздің білім алушыларымен кездесіп, оларға өзінің әскери өмірге қалай келгендігі мен әскери қызметтері жайлы және жастар ұрпақтарына әскери-патриоттық тәрбие беру туралы айтты. Сондай-ақ, студенттерге сұрақтар қойды.
Ратмир Комратов 1982-1998 жылдары КСРО Қорғаныс министрлігінің 992-ші әскери өкілдігінде кіші әскери өкілден, осы өкілдік бастығының орынбасарлығына дейін қызмет атқарған. Кейін әскери-теңіз базасының командирі, Әскери-теңіз күштері қолбасшысының орынбасары болып қызмет жасап, 2-ші дәрежелі «Даңқ» Орденімен марапатталған. Бүгінгі күні ол ҚР Тұңғыш контр-адмиралы.
Жалпы аталмыш іс-шараға шамамен 500 студент жиналды. Олар келген қонақтың әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Айта кету керек, 2018 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Әскери кафедрасын» 168 жауынгер тамамдаған. Ал бүгінгі күні онда 217 студент білім алуда. Олардың 17-сі нәзікжандылар. Жиын соңында барша әскери жуынгерлер контр-адмиралмен естелік суретке түсті.