Халықаралық ынтымақтастықты іске асыру

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Биология» кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында  М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінен биология ғылымдарының докторы, «бейорганикалық химия» кафедрасының профессоры Сергей Соловьев келді. Сергей ұлағатты ұстаз бола тұра, СОРАН Омбы ғылыми орталығының биологиялық әртүрлілік мониторингі зертханасының меңгерушісі болып табылады.

Ол университетіміздің студенттеріне 21-ші қаңтардан 10-шы ақпанға дейін сабақ бермек. Сонымен қоса, профессор студенттер үшін мастер-класс өткізіп, «жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігі» тақырыбында дәрістер оқиды.

Бұдан бөлек, Сергей Соловьев «Биология» кафедрасының білім алушыларына аң терісінің әлемдік нарығымен, бағалы тері көздерімен, өндіріс негізінде терісі бағалы аң асырау және аң терісінің әлемдік нарығының статистикалық мәліметтері туралы таныстырады. Тыңдаушыларды бүгінгі таңдағы жануарлар өнімдерінің бағалау экспертизасының заманауи технологиялары туралы да атап өтпек. Ресейлік  ғалым-  2 жеке және 4 бірлесе жазылған монографиялардың авторы. Жалпы профессор Омбы мемлекеттік унверситетінде 28 жылдан аса еңбек етіп, келешек білікті мамандарды тәрбиелеуде.

Атап өткен жөн, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағы білім ордамыздың «химия және химиялық технологиялар» кафедрасына Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің химия ғылымдарының кандидаты, «қосымша кәсіптік білім беру» кафедрасының доценті Татьяна Рабочих іс-сапармен келіп кетті. Ол химия мамандығында оқитын студенттерге 23 қаңтардан 26 қаңтарға дейін сабақ беріп, өз тәжірибесімен бөліскен.

Университет студенттері осындай халықаралық байланыс жұмыстарының нәтижесінде тілдерді меңгерумен қатар, оқу пәні мазмұны туралы көптеген мәліметтер алып білімі толады, сонымен қатар еңбек нарығындағы мамандар сұранысына төтеп бере алады.

29.01.2019