Педагогикалық факультеттің студенттері марапатталды

2019 жылдың қаңтардың 30-ы педагогикалық факультет студентерінің арасында «Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы және «Нұр Отан» партиясының «Болашақ» филиалы 2018 жылдың соңында өткізген «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты қабырғалық баяндамалар байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларына марапаттау рәсімі өткізілді. Сайысқа ат салысқандар баяндамалар жазып, жемқорлықты болдырмау үшін өз ұсыныстарымен бөлісті. Байқау нәтижесі бойынша: ІІІ орын - ПМНО-17к тобы;  ІІ орын – Дов-18к тобы; І место – ФКС-18-1 тобы лайықты деп танылды. Сондай-ақ, жиын барысында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясы аясында «Туған жер»  атты әлеуметтік желілердегі пост байқауының жүлдегерлері де игі марапаттарға ие болды. Сайыстың қорытындысы төмендегідей: ІІІ орынды:  Зұлпыхарқызы Айдана (ДОВ-18к тобы);ІІ орынды – Жантокова Карина (ПМНО-18 тобы); І орынды – Ясидин Алтынай (Дф-17 тобы) .  Кездесудің соңында байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына грамота, қатысу туралы сертификат және естелік сыйлықтар табысталды.

 

01.02.2019
ПФ