М. Қозыбаев атындағы СҚМУ халықаралық ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

2019 жылдың ақпанның 4-і М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да оқу орданың басшылығы және Якутск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясының (Саха Республикасы (Якутия) оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Анна Черкашинамен кездесу өтті. Алқалы жиында 2 жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Якутск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы - 60 жылдық тарихы бар,  Ресейдің солтүстік-шығысында орналасқан жалғыз аграрлық ЖОО болып табылады. Білім ордасы бакалавриат, магистратура және аспирантура бойынша мамандар дайындайды. Ресейлік университет академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Корея, Финляндия, Канада, Жапония ЖОО-мен ынтымақтастық қарым-қатынаста. Ал өткен жылдан бастап біздің университетпен келісім-шартқа қол қойылып, «Агротехнологиялық» факультетпен тығыз байланыс орнатты.

Осының арқасында біздің 4 студенттеріміз 1 семестр көлемінде Якутияда білім алу мүмкіндігіне ие болды. СҚМУ-ға да өз кезегінде Якутск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясынан студенттер келді. Болашақ агрономдар, орманшылар мен технологтар СҚМУ оқытушыларының дәрістері мен тәжірибелік сабақтарына қатысады.

Жиын барысында Анна Черкашина бұл бағыттағы жұмыстар жайлы, магистратураның екі дипломды бағдарламаларын ашу мүмкіндігі туралы сөз етті. Сонымен қатар, қос университеттер арасында бірлескен ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар жоспарланған. Кездесу соңында екі тарап естелік сыйлықтармен алмасты.

Сонымен қатар, РФ келген меймандар үшін университет бойынша экскурсия өткізілді. Экскурсияны тамашалағандар университетіміздің зертханалық-техникалық базасымен және білім беру әдістемелерімен танысты.

04.02.2019